Ханийе  Блинкенді Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Хамас қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийе Блинкенді Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

2085015
Ханийе  Блинкенді Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Хамас қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийе Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннен Түркия мен Таяу Шығысқа сапары кезінде Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын тоқтатуға назар аударуын сұрады.

«Telegram» және «WhatsApp» платформаларында жарияланған бейне баяндамасында Ханийе  Блинкенді Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

Ханийе «Блинкеннің соңғы үш айддан тәжірибе қорытындылағанын және АҚШ-тың Израильдің өтіріктеріне сеніп, жаулауды қолдағанын, сондай-ақ Газа халқына қарсы бұрын-соңды болмаған әскери қылмыстардың деңгейін түсінгенін ойлаймыз» деді. Хание Палестина жерлерінде оккупацияның аяқталуы үшін шабуылдарды тоқтатуға назар аударатындарына үміттенетіндерін білдірді.

Ислам әлемі мен араб елдерінде Блинкенмен кездесетін лауазымды тұлғаларға үн қатқан  Ханийе аймақтың болашағы және тұрақтылығының Палестина мәселесімен тығыз байланысты екенін, оны елемеуге болмайтынын баса айтты.

Блинкен бір апта бойынша әріптестерімен маңызды тақырыптарды талқылау үшін Түркия, Грекия, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Израиль, Батыс Шерия және Мысырға барады.



Ұқсас жаңалықтар