Украина Қырым түбегіне шабуыл жасады

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Қырым түбегіне басқарылатын зымырандармен шабуыл жасағанын хабарлады.

2084521
Украина Қырым түбегіне шабуыл жасады

Министрліктің мәлімдемесінде «4 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша сағат 17.20 шамасында Киев режимінің зымырандар арқылы Ресей аумағындағы нысандарға террористік шабуыл жасау әрекетінің жолы кесілді» делінді.

Мәлімдемеде Ресей әуе қорғаныс жүйелерінің Қырым түбегі үстінде Украинаның 10 зымыранды жойғаны атап өтілді.

Еске сала кетейік,  Ресей 2014 жылы Қырымды заңсыз басып алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар