Блинкеннің сапары кейінге қалды

Блинкеннің осы аптада жоспарланған Израиль астанасы Тель-Авивке сапары кейінге шегерілді.

2083436
Блинкеннің сапары кейінге қалды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің осы аптада жоспарланған Израиль астанасы Тель-Авивке сапары кейінге шегерілді.

Израиль баспасөзіндегі хабарда Энтони Блинкеннің осы аптадағы Тель-Авив сапарының дүйсенбіге шегерілгені орын алды.

Бұл шешімнің Ливанда Хамастың маңызды тұлғаларының бірі Салих Эль Аруридің өлтірілуінен кейін қабылдану назар аударарлық.

«Jerusalem Post» газетіне сұхбат берген аты-жөнін атамаған ақпарат көздері Блинкеннің сапарының «техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылғанын» және Аруридің өлтірілуіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ливанның астанасы Бейруттегі Хамас кеңсесіне ұшқышсыз ұшақпен жасалған Израильдің шабуылында Аруримен бірге 7 адам қаза тауып, 11 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар