22 мың 313 палестиналық қаза тапты

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 22 мың 313-ке артты.

2083738
22 мың 313 палестиналық қаза тапты

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 22 мың 313-ке артты.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің Газа секторына 89 күннен бері жалғасып жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израильдің соңғы 24 сағатта жасаған шабуылдарында тағы 128 палестиналықтың қаза тапқаны және 261 палестиналықтың жараланғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың санының 22 мың 313-ке, жараланғандар санының 57 мың 296-ға жеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар