21 мың 110 палестиналық қаза тапты

Израиль 7 қазаннан осы таңға дейін 21 мың 110 палестиналықты өлтірді.

2081648
21 мың 110 палестиналық қаза тапты

Израиль 7 қазанда шабуылдарын бастағаннан бері Газа секторында 8800 бала мен 6300 палестиналық әйелді өлтірді.

Газа үкіметінің  мәлімдемеде Израильдің Газа секторындағы өлімі туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израильдің 7 қазаннан осы таңға дейін 21 мың 110 палестиналықты өлтіргені  баяндалды.

Мәлімдемеде Газада Израиль армиясының шабуылдары салдарынан үйінділер астында 7 мың палестиналықтың із-түссіз жоғалып кеткені және бұл адамдардың 70 пайызының әйелдер мен балалар екені хабарланды.

Мәлімдемеде Израиль шабуылдарында 311 денсаулық сақтау қызметкері, 40 азаматтық қорғаныс қызметкері және 103 журналистің қаза тапқаны атап өтілді.

Израиль күштерінің Газада 2600-ден астам палестиналықты, оның ішінде 8 журналист пен 40 медицина қызметкерін ұстағаны хабарланды.

Мәлімдемеде 2 миллион 300 мың халқы бар Газа секторындағы 1,8 миллион палестиналықтың Израильдің шабуылдары салдарынан босқынға айналғаны, бұл адамдардың баспана орталықтарында қиын жағдайда өмір сүріп жатқаны және шұғыл көмекке мұқтаж екені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар