Украина Ресейдің десанттық кемесін жойды

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар Қырыммен төңірегінде жалғасуда.

2080970
Украина Ресейдің десанттық кемесін жойды

Украина Әскери-әуе күштері біржақты аннексияланған Қырымда Ресейге тиесілі бір десанттық кеменің жойылғанын хабарлады.

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар Қырыммен төңірегінде жалғасуда.

Украина Әскери әуе күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда жергілікті уақытпен сағат 02.30 шамасында Феодосия ауданы жағалауына жасалған әуе шабуылында Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі «Новочеркасск» атты десанттық кемесінің қанатты зымырандармен атылғаны айтылды.

Украина Әскери әуе күштері қолбасшысы Николай Олещук жасаған мәлімдемеде «Ресейдің флоты бірте-бірте азаюда. Әуе күштері ұшқыштары мен операцияға қатысқан баршаға рахмет» деді.

Ресейдің Қырым губернаторы Сергей Аксенов Украинаның әуе шабуылынан 1 адамның қаза тауып, 2 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Украина жасаған шабуыл салдарынан аудан портында өрт шыққанын және жалынның қысқа уақытта бақылауға алынғанын атап көрсеткен Аксенов барлық төтенше жағдайлар қызметінің оқиға орнында екенін және көптеген үйдің эвакуацияланғанын білдірді.

Ресей Қорғаныс министрлігі болса шабуылда кеменің зақымдалғанын хабарлады.

Украина Әскери әуе күштері кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-дан 03.00-ге дейін Ресейдің Иран өнімі пилотсыз әуе көліктерімен Украинаға шабуыл жасағанын хабарлады.

Мәлімдемеде 19 пилотсыз әуе көлігімен 13-інің Одесса, Херсон, Миколаев және Хмельницкий аймақтарында жойылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар