Ресей-Украина соғыс пен Газадағы оқиғалар ЕО-ға кері әсер етеді

Жозеп Боррель «Газадағы трагедияны тоқтатпасақ, жобамыз жүзеге аспай қалады деп ойлаймын» деді.

2080358
Ресей-Украина соғыс пен Газадағы оқиғалар ЕО-ға кері әсер етеді

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Ресей-Украина соғысы мен Газадағы оқиғалардың ЕО-ға кері әсер еткенін мәлімдеді.

Боррель «Газадағы трагедияны тоқтатпасақ, жобамыз жүзеге аспай қалады деп ойлаймын» деді.

Ағылшын «The Guardian» газетіне сұхбат берген Боррель маусым айында өтетін Еуропа Парламенті сайлауының Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенттік сайлауы сияқты маңызды екеніне назар аударды.

Боррель Сайлаушылардағы белгісіздік дауыстардың ұшқары оңшыл партияларға кететінінен  алаңдағанын білдірді.

Боррель  ақпарат құралдарының осы қорқынышты қолдайтын басылымдар жасап жатқанын баяндап «Адамдардың қорқынышын пайдаланып, жақсы сұрақтарға жаман жауаптар беретін партиялар Еуропа халқының қолдауына ие болуы мүмкін» деді.

Сайлаушылардың алаңдауға себептері бар екенін түсіндірген Боррель сайлаушылардың  белгісіздіктерін  нақты талдайтын саяси күштерді қолдауға шақырды. «Егер біз бұған қол жеткізе алмасақ, Еуропарламент сайлауы АҚШ-тағы сайлау сияқты қауіпті болады деп ойлаймын» деді.

Сондай-ақ Украинада ЕО-ның өмір сүруіне қауіп төніп тұрғанын ескерткен Боррель: «Украинаға ғана емес, Еуропа мен демократиямызға да қауіп төндіретін мықты күштерден келетін қауіпке көңіл бөлгеніміз жөн. Бағытымызды өзгертіп, барлық әлеуетімізді жұмылдырмасақ, бұл Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғыста жеңіске жетуіне әкеледі. Сол сияқты, Газадағы трагедияны тоқтатпасақ, біздің жобамыз жүзеге аспай қалады деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар