Украина НАТО-мен бірлесқан қару-жарақ өндіріс бастады

Алексей Данилов Украинада шығарылатын қарулардың НАТО стандарттарына сай екенін баса айтты.

2079828
Украина НАТО-мен бірлесқан қару-жарақ өндіріс бастады

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төрағасы Алексей Данилов НАТО-мен бірлескен қару-жарақ өндірісінің басталғанын және оны қысқа мерзімде арттыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Данилов баспасөзге жасаған  мәлімдемесінде: «Қазір бірлескен өндіріс басталды және жалғасуда. Өндіріс көлемі қысқа мерзімде ұлғаяды. Біз мұны қалаймыз. Шындығында, бұл толығымен техникалық мәселе және сол бойынша жұмыс жүргізілуде» деді.

Данилов Украинада шығарылатын қарулардың НАТО стандарттарына сай екенін баса айтты.

Данилов Ресеймен соғыс басталған 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жабылған әуежайларды ашу мәселесіне де тоқталды.

Данилов «Азаматтық авиация үшін кейбір шарттар орындалуы керек және соның ішінде әуежайлардың қауіпсіздігі мен әуе кемелерін сақтандыру керек. Біз тақырыпты 2024 жылы күн тәртібіне қою арқылы шешуге бел будық» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар