Петр Фиала Карлс университетіндегі қанды оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Чехия президенті Петр Павел Прагадағы Карлс университетінде  15 адамның өмірін қиған қарулы шабуылға наразылық білдірді.

2079493
Петр Фиала Карлс университетіндегі қанды оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Чехия президенті Петр Павел мен премьер-министр Петр Фиала Прагадағы Карлс университетінде  15 адамның өмірін қиған қарулы шабуылға наразылық білдірді.

Бұл туралы президент Павел әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Президент Павел мәлімдемесінде университеттегі шабуылдан қатты шошып кеткенін білдірді. Павел шабуылда қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Премьер-министр Фиала чех халқына сөйлеген сөзінде шабуылды қайғылы деп бағалап, оқиғаның барлығына қатты әсер еткенін айтты.

Фиала «Бұл жан түршігерлік әрекетті ақтау мүмкін емес. Мен де сіздер сияқты осы жан түршігерлік оқиғаға қатты қайғырамын» деді.

Ел астанасы Прагада Карлс университетінің философия факультетіне жасалған қарулы шабуылда кемінде 15 адамның қаза тауып, 24 адамның жараланғаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар