Газада 20 мыңнан астам палестиналық қаза тапты

Израильдің Газа секторына 7 қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 20 мыңнан асты.

2079169
Газада 20 мыңнан астам палестиналық қаза тапты

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі жасаған мәлімдемеде Израиль армиясының 75 күннен бері Газаға жасаған шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израильдің Газадағы шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 20 мыңнан, жараланғандар санының 52 мың 600-ден асқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуылдарда қираған ғимараттардың қирандылары астында қалған із-түссіз жоғалғандар санының 6700 екені, олардың 70 пайызының әйел мен бала екені түсіндірілді.

Мәлімдемеде Израильдің 310 медицина қызметкерін, 35 азаматтық қорғаныс қызметкерін және 97 журналистті өлтіргені, сонымен қатар 99 медицина қызметкері мен 8 журналистті ұстағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Израильдің Газа секторындағы 140 денсаулық мекемесін нысанаға алғаны, 23 аурухана мен 53 денсаулық орталығын қызметтен шығарғаны, 102 жедел жәрдем көлігін жарамсыз еткені баяндалды.

Израиль армиясының шабуылдарынан Газа секторында 53 мың үйдің толықтай қирағаны және  308 мың үйдің зақымдалғаны айтылды.

Мәлімдемеде Израильдің Газа секторындағы 126 мемлекеттік мекеме, 90 мектеп пен университетті нысанаға алып, толығымен қиратқаны, сондай-ақ барлығы 283 мектеп пен университетке зиян келтіргені атап көрсетілді.

Израильдің ғибадат орындарын да нысанаға алғанына назар аударылған мәлімдемеде Газада 114 мешіттің толығымен қиратылғаны, 200-інің зақымдалғаны және 3 шіркеудің нысанаға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар