Хамас тұтқындарды алмасудың шартын жариялады

Халил әл-Хаййе Газа секторында Израильге қарсы көтерілістің жалғасатынын білдірді.

2077874
Хамас тұтқындарды алмасудың шартын жариялады

Хамас Израиль армиясы Газа секторынан шығарылмайынша, ауқымды атысты тоқтату келісімі жасалмай, тұтқын алмасу келісімі мүмкін емес деп жариялады.

Хамастың Ливандағы өкілі Халил әл-Хаййе Газа секторында Израильге қарсы көтерілісті жалғастыратындарын білдірді.

Хаййе Әл-Жазира телеарнасына жасаған мәлімдемеге қарағанда «Ауқымды бір атысты тоқтату және Израиль басқыншы күштерінің Газа секторынан шығарылуын қалаймыз. «Одан кейін тұтқындар мәселесін сөйлесерміз» деді.

Израильдік лауазымдылар «Газа секторындағы соғыс пен Хамастан кейінгі кезеңге» сілтеп қолданылатын «келесі күн» атауына тоқталған Хаййе «Газа секторындағы «келесі күн» біздің жеңісіміз. Хамастан кейін не болатынын ойлаған адам қиялдаушы. Қасиетіміз бен жеріміз азат етілгенше халқымызды қорғаудан аянбаймыз» деді.

Хаййе Хамастың Газада Израильге айлар бойы қарсы тұру мүмкіндігіне ие екенін атап «Көтерілістің жақсы және табанды екені тақырыбында сенімдіміз. Халқымыз ешқашан берілу туын көтермейді, өз жерінде қалады және көтерілісті қолдайды» деді.

Хамастың өкілі «Газа секторы, Шерияның батысы және бүкіл Палестина біртұтас. билігін де халық шешеді. Газаның болашағы Иерусалим мен бүкіл Палестинаның болашағына байланысты. Біз «Хамас ретінде өз халқымыздың бір бөлігі және көмекті арттыру үшін барлық есіктерді қағамыз» деді.

Газа секторының күн сайын жүздеген жүк көлігіне қажеттілік бар екенін атап көрсеткен Хаййе араб және ислам елдерінен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін қысым жасауын сұрады.

Хаййе Газадағы жағдайға назар аударып, «Басқыншыл Израиль Газаны екі қарумен атқылап жатырмыз, бомбалар мен аштық» деді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды шабуыл жасағанын, осыған жауап ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастаған болатын.

Шиеленістің күшеюінде 19 мыңға жуық палестиналық қаза тапты, олардың көпшілігі балалар.



Ұқсас жаңалықтар