Украина соғысында Ресей әскери күш жағынан үлкен шығынға ұшырады

Ресей Украина соғысынан бұрынғымен салыстырғанда әскери күшінде үлкен шығынға ұшырады.

2076255
Украина соғысында Ресей әскери күш жағынан үлкен шығынға ұшырады

Ресей Украинадағы соғыстан бұрын (2022 жылы 24 ақпанда) әскери міндеттерін өтеп жүрген сарбаздарының 87 пайызынан айырылғаны алға тартылды.

«CNN» арнасының АҚШ  барлау қызметінің Конгреске ұсынған бағалау есебіне сүйенген хабарына қарағанда, Ресей Украина соғысынан бұрынғымен салыстырғанда әскери күшінде үлкен шығынға ұшырады.

Бағалау есебінде Ресейдің Украинаға 360 мың сарбазымен кіргені және оның 315 мыңының келісім-шарттағы қызметкерлермен бірге соғыс майданында жоғалғаны, 3500 танктің 2200-інің және 13600 жаяу шабуыл көлігінің 4400-інің Украинада шығынға ұшырағаны  хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар