Грекия Еврос өзенінің бойына болат сымна қоршау жасауда

Грекия заңсыз иммигранттардың елге кіруіне жол бермеу үшін болат сымнан дуал бастады.

2076015
Грекия Еврос өзенінің бойына болат сымна қоршау жасауда

Грекия заңсыз иммигранттардың елге кіруіне жол бермеу үшін Еврос өзенінің бойына қосымша 35 шақырым болат сымнан жасалған қоршау салуды бастады.

Грек баспасөзіндегі хабарда құрылысы басталған қоршаудың өрмелеп шығуға қарсы ерекшелігі болатыны айтылды.

Диметокадағы Асымбейкөй және Софулудағы Карапынар ауылдары арасындағы жаңа қоршауға қоса салынатын қосымша құрылыстар мен жөндеу жұмыстарына шамамен 100 миллион еуро жұмсалатыны болжалуда.

Өзеннің грек жағында бірі 12,5 шақырым, екіншісі 26,5 шақырым болып, барлығы 39 шақырымдық болат сым қоршау бар.



Ұқсас жаңалықтар