Лапид: «Әлемнің сенімін жоғалтқан премьер-министріміз бар»
Израильде оппозиция партиясының басшысы премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды сынға алды.
Израильде оппозиция партиясының басшысы Яир Лапид премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың «халықтың көпшілігі мен халықаралық қоғамның сенімінен айырылған басшы» екенін айтты.
Израиль Парламенті телеарнасы «Knesset Channel» Яир Лапидтің жалпы кеңес отырысында премьер-министр Нетаньяху туралы көзқарасын жариялады.
Лапид «Әлемнің сенімін жоғалтқан премьер-министріміз бар» деп, Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың халықтың көпшілігі мен қауіпсіздік және экономикалық жүйенің сенімін жоғалтқанын баса айтты.
Лапид өткен айда Нетаньяхудың премьер-министр қызметінен босатылып, оның орнына Ликуд партиясынан басқа біреуді тағайындауға шақырған болатын.
Соңғы сауалнамаға қарағанда израильдіктердің 27 пайызы ғана Нетаньяхуды премьер-министр лауазымына лайықты деп санайды.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемге әйгілі өнерпаздардың Газаға қолдау көрсету хабарламасы
Албан текті британдық әнші Дуа Липа Instagram желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.
Газада қаза тапқандар саны 36 мың 171-ге жетті
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 36 мың 171-ге жетті.