Израиль 142 палестиналық әйелді түрмеге жапты

Израильдің Газада ұсталған 142 палестиналық әйелді түрмеге жапқаны хабарланды.

2074866
Израиль 142 палестиналық әйелді түрмеге жапты

Палестина тұтқындар қауымдастығы мен Палестинаны азат ету ұйымына қарасты Палестина тұтқындар істері комитеті тақырыпқа байланысты ортақ жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Израиль күштерінің Газада 142 палестиналық әйел тұтқынды ұстап алып, түрмеге жапқаны атап өтілді.

Палестиналық әйелдердің Эд-Дамун мен Ход Хашарон сияқты түрлі түрмелерде ұсталғаны айтылды.

Бұл мәселеге қатысты Израиль тарапынан әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.

Палестиналық азаматтық ұйымдар бұдан бұрын ортақ мәлімдеме жасап, Израиль күштерінің Рамалланың батысындағы Офер түрмесінде ұсталған палестиналық тұтқындарға қарсы қорқынышты қылмыстар жасағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар