АҚШ ұшқышсыз әуе аппараттары Газада

Лиза Лоуренс АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппараттарының Газа аумағында ұшуға кіріскені туралы жазбаша мәлімдеме жасады.

2074337
АҚШ ұшқышсыз әуе аппараттары Газада

Пентагон баспасөз хатшысы Лиза Лоуренс АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппараттарының Газа аумағында ұшуға кіріскені туралы  жазбаша мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстағы «гуманитарлық үзіліс» кезінде тоқтатылған Газа секторы үстінде ұшқышсыз әуе аппаратының ұшуларын қайта бастағанын хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) баспасөз хатшысы Лиза Лоуренс АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппараттарының Газа аумағында ұшуға кіріскені туралы  жазбаша мәлімдеме жасады.

Лиза Лоуренс «Америка Құрама Штаттары кепілге алынғандарды құтқару жұмыстарын қолдау үшін Газа аумағында қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуын қайта бастады. Біз кепілге алынғандарды құтқару жұмыстарымен айналысып жатқан серіктесіміз Израильге қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар