Блинкен Украинаға берілетін жаңа әскери көмек пакеті туралы мәлімдеме жасады

Энтони Бликен Украинаға 175 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлгендерін жариялады.

2073508
Блинкен Украинаға берілетін жаңа әскери көмек пакеті туралы мәлімдеме жасады

Украинаға 175 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлгендерін жариялаған Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, егер Конгресс оны қайта мақұлдамаса, бұл қаржыландырудың соңғысы болуы мүмкін екенін айтты.

Блинкен әскери көмек пакеті аясында Украинаға әуе қорғанысы, «HIMARS» және артиллериялық оқ-дәрілер мен «HARM» антирадарлық ұшақ зымырандарының берілетінін жариялады.

Блинкен «Егер Конгресс президенттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша қаржыландыру туралы өтінішін мақұлдамаса, бұл Украинаға ұсынатын соңғы қорғаныс пакеттерінің бірі болады» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің қоймаларынан жеткізілетін жеткізілімде танкке қарсы зымырандар,  оқ-дәрілер және маңызды ұлттық инфрақұрылымды қорғауға арналған құралдар бар.



Ұқсас жаңалықтар