Нигерия әуе күштеріне  тиесілі бір әскери тікұшақ құлады

Нигерия әуе күштеріне  тиесілі әскери тікұшақ Риверс уәлаятында  апатқа ұшырады.

2071497
Нигерия әуе күштеріне  тиесілі бір әскери тікұшақ құлады

Нигерия әуе күштерінің баспасөз хатшысы Эдвард Габквет жазбаша мәлімдемесінде Риверс уәлаятында  мұнай ұрыларына қарсы әрекет ету үшін жолға шыққан Нигерия әуе күштеріне  тиесілі « MI-35P» типті әскери тікұшақтың құлағанын білдірді.

Габквет тікұшақтағы 5 сарбаздың жеңіл жарақат алғанын және емделіп жатқанын атап өтті.

Тікұшақтың құлау себебінің әлі белгісіз екенін айтқан Габквет апатқа байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар