Израиль армиясы Газаға шабуылдарын қайта бастады

Мәлімдемеде «Израиль армиясы Газа секторында Хамасқа қарсы операциясын қайта бастады» делінді.

2071183
Израиль армиясы Газаға шабуылдарын қайта бастады

Израиль армиясы Газа секторында бір аптадан бері жалғасқан гуманитарлық үзілістің аяқталып, шабуылдарын қайта бастағанын жариялады.

Израиль мен Хамас арасындағы татуласу аясында 24 қараша күні таңертең күшіне енген гуманитарлық үзіліс  бүгін таңертең аяқталды.

Армиядан жасалған жазбаша мәлімдемеде Хамастың гуманитарлық бейбітшілікті бұзғаны алға тартылды. Мәлімдемеде «Израиль армиясы Газа секторында Хамасқа қарсы операциясын қайта бастады» делінді.

Газадағы Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде гуманитарлық үзіліс аяқталғаннан кейін Израиль соғыс ұшақтарының аймақтың үстінде ұшып келе жатқаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Израиль әскери көліктерінің Газаның солтүстігіне оқ жаудырғаны туралы ақпарат орын алды.



Ұқсас жаңалықтар