Израиль армиясы  Газа секторының 40 пайызын басып алды

Мұхаммед Иштие Израиль армиясының Газа секторының 40 пайызын басып алғанын мәлімдеді.

2067859
Израиль армиясы  Газа секторының 40 пайызын басып алды

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштие Израиль армиясының Газа секторының 40 пайызын басып алғанын мәлімдеді.

Премьер-министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Иштие Газа секторындағы шабуылдарды талқылау үшін Рамаллада өткен кезектен тыс сессияның ашылуында сөз сөйледі.

7 қазаннан кейін Газа мен Батыс Шериядағы жағдайдың нашарлағанына назар аударған Иштие Газада жаппай қырғындардың, мәжбүрлі қоныс аударудың, су мен электр қуатының үзілуінің, азық-түлік және дәрі-дәрмектің таратылуындағы кедергілердің жағдайды одан да қиындатқанын айтты.

Израиль жасаған қылмыстардың «Палестина халқына қарсы соғыс қылмысы мен геноцид» екенін түсіндірген Иштие: «Осы таңда Израиль Газа секторының шамамен 40 пайызын басып жатыр. Израиль әрқашан басқыншы мемлекет болды» деді.  

Иштие қару-жарақ пен аштықтан  өлтірілген бейбіт тұрғындар мен жазықсыз балалармен қатар өлімге қалдырылған жаралылардың толық жауапкершілігінің Израильге тән екенін баса айтты.

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штие Израильдің Батыс Шерияда да  Палестина халқына қарсы өлтіру, діни орындарды басып алу, жаңа елді мекендер мен бақылау түйіндерін  құру әрекеттерін жалғастырып жатқанын атап көрсетті.

Иштие азық-түлік, дәрі-дәрмек және көмек материалдарының ешқандай алғышартсыз қамтамасыз етілуі керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар