Лапид Нетаньяхуды жұмыстан босатуды талап етеді

Лапид: «Сеніміміз жоқ бір премьер-министрмен кеңейтілген (әскери) операция жүзеге асыра алмаймыз».

2065130
Лапид Нетаньяхуды жұмыстан босатуды талап етеді

Израиль оппозициясы басшысы Яир Лапид премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды қызметінен босатып, оның орнына «Ликуд» партиясынан кез-келген біреуді тағайындауға шақырды.

«The Times of Israel» газетінің хабарына қарағанда Израильде хабар тарататын «Канал 12»-ге сұхбат берген Лапид Газа секторындағы шабуылдардан кейін Израиль халқының Нетаньяхуға сенімін жоғалтқанын білдірді.

Жұртшылықтың Нетаньяхуға сенбегеніне назар аударған Лапид «Сеніміміз жоқ бір премьер-министрмен кеңейтілген (әскери) операция жүзеге асыра алмаймыз» деді.

Нетаньяхудың қызметінен кетуі керектігін баса айтқан Лапид ешкімді атамай, «Нетаньяхудың «Ликуд» партиясында премьер-министрдің кететін уақыт келгенін ойлаған көптеген адам бар екенін» алға тартты.

Оппозиция басшысы Лапид өзінің "Йеш Атид" партиясының Нетаньяхудан басқа «Ликуд» партиясын басқаратын кез-келген бір басшысымен құрылатын ауқымды бір үкіметке қосылатынын мәлімдеді.

Екінші жағынан Нетаньяхудың партиясы «Ликуд» жасаған мәлімдемеде «Лапидтің соғыс кезінде саяси мүдделерге сайкес қозғалып, әскери операцияны басқарған премьер-министрді құлатуға тырысуын қайғылы және ұят» деп айыптады.

«Еңбек» партиясы басшысы Мерав Михаэли де «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Нетаньяхудың міндеттен босатылуы үшін тастаған шақыруға Лапидтің қолдау беруіне ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар