Антониу Гутерреш Мьянмадағы қақтағыстардан алаңдауда
Антониу Гутеррештің Мьянмадағы қақтығыстың таралуына қатты алаңдаушылық білдіргені хабарланды.
![Антониу Гутерреш Мьянмадағы қақтағыстардан алаңдауда](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/2163/c0fc/1c48/5c73c657e0e0f.jpg?time=1718385230)
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррештің Мьянмадағы қақтығыстың таралуына қатты алаңдаушылық білдіргені хабарланды.
БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдемесінде: «Гутерреш барлық тараптарды халықаралық құқықты сақтауға және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін бар күш-жігерін салуға шақырады» деді.
Дюжаррик Гутеррештің Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы, аймақтық және халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Мьянмада қазірдің өзінде 2 миллионнан астам адамның босқынға айналғанына назар аударған Дужаррик зорлық-зомбылық жасағандардың жауапқа тартылуы керектігін айтты.
Дюжаррик аймақтағы гуманитарлық көмекке қол жеткізудің алдын жолын таспау алмау керектігін білдіріп, Гутеррештің қақтығыстарға қатты алаңдағанын және Мьянма халқымен ынтымақта екенін білдірді.