Шифа ауруханасында жаппай қабір қазылды

Израильдің үздіксіз шабуылы салдарынан мәйіттерді жерлеу мүмкін емес.

2064412
Шифа ауруханасында жаппай қабір қазылды

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі «Біз Қызыл Крест ұйымына мәйіттерді эксгумациялау әрекеттеріміз сәтсіз болған соң Шифа ауруханасында жаппай қабір қазуды бастағанымызды хабарладық» деп мәлімдеме жасады.

Газадағы Палестина денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юсуф Әбу Рииш Шифа ауруханасында үйіліп жатқан мәйіттердің медициналық апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертті. Әбу Рииш Израильдің үздіксіз шабуылдары мен төңіректі қоршауға алуы салдарынан аурухана ауласы мен оның аумағында 100-ден астам мәйітті жерлеу мүмкін еместігін білдірді.

Израильдің аурухананың айналасында қозғалған барлық нәрсені нысанаға алғанына назар аударған Әбу Рииш ауруханада мәйіттердің үйіліп қалғанын айтты. Палестиналық лауазым иесі медицина қызметкерлері мен жұмысшылардың мәйіттерді жерлеуге тырысқанын, бірақ үздіксіз шабуылдар кезінде мұның мүмкін болмағанын білдірді.

Шифа ауруханасының директоры Мұхаммед Әбу Салмия ауруханадағы 179 адамның «жаппай қабірге» жерленгенін айтты. Салмия «Оларды жаппай қабірге жерлеуге мәжбүр болдық» деп жерленгендердің арасында 7 сәби мен 29 реанимация науқасы бар екенін түсіндірді.

Газа қаласындағы Шифа ауруханасы мен аймақтағы кейбір ауруханаларды қоршауға алған Израиль әскері ауруханаға жиі шабуыл жасауда.



Ұқсас жаңалықтар