Израиль армиясы Газа секторына шабуыл жасауда

Құтқару топтары мен азаматтар әзірге кем дегенде 31 адамның мәйітін тапты.

2064017
Израиль армиясы Газа секторына шабуыл жасауда

Израиль ұшақтарының Газа секторының солтүстігіндегі Сибалия босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылынан кемінде 31 адам қаза тапты.

Израиль армиясының 7 қазаннан бері қоршаудағы Газа секторына жасаған шабуылдары 39-шы күнін де артуда. 

Израиль ұшақтары Сибалия босқындар лагерінде Сибалия спорт клубы орналасқан аймақта 12 үйді бомбалады.

Құтқару топтары мен азаматтар әзірге кем дегенде 31 адамның мәйітін тапты. Шабуыл кезінде көптеген адам жарақат алды.

Шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланғандар Индонезия ауруханасына жеткізілді.

Израиль әскери ұшақтарының Хан Юнистің шығысындағы Әл-Аға және Әбу Жамизе отбасыларының үйіне жасаған шабуылында көбі балалар 10 адам қаза тапты. Шабуыл кезінде жараланғандардың да бар екені айтылды.

Израиль әскери ұшақтарының Сибалия босқындар лагеріндегі әл-Фахура мектебінің маңындағы Эс-Севарике отбасының үйін бомбалауы кесірінен 6 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Палестина ұлттық волейболшылары Хасан Зайтер мен Ибрахим Касие Сибалия босқындар лагерін бомбалау кезінде қаза тапқаны хабарланды.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар