«Үлкен жетілік елдерінің» Министрлер саммиті Жапонияда басталды
Саммитке Жапония Сыртқы істер министрі Камикава Йоко тқрағалық жасауда.
«Үлкен жетілік елдерінің» Сыртқы істер министрлері Украинаға толық қолдау және Ресейге қарсы ауыр экономикалық санкцияларды жалғастыру тақырыптарында келісті.
Токиода 2023 жылы кезекті төрағасы Жапонияның ұйымдастыруымен «Үлкен жетілікке» мүше елдердің сыртқы істер министрлері жиналды.
Жапония Сыртқы істер министрі Камикава Йоконың төрағалығымен өткен жиынға АҚШ, Канада, Германия, Италия, Ұлыбритания және Франция сыртқы істер министрлері қатысуда.
Жиын аясында өткен «Украина» сессиясында «Үлкен жетілік» елдерінің министрлері Украинаға қолдау көрсету және Ресейге қарсы ауыр экономикалық санкцияларды жалғастыру туралы келісті.
Министрлер 2022 жылдың ақпан айынан бері Ресейдің шабуылдарына ұшыраған Украинаның орта және ұзақ мерзімді қалпына келтіру жұмыстарының күшейтілетінін растады.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.