Украина соғысында 9900 бейбіт тұрғын қаза тапты

10 миллион адам босқынға айналып кетті.

2058848
Украина соғысында 9900 бейбіт тұрғын қаза тапты

Украинада 2022 жылдың 24 ақпанында басталған соғыстан басынан бері 9900 бейбіт тұрғын қаза тауып, 10 миллион адам босқынға айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы оқиғалар талқыланды. Осында  мүше елдерді хабардар еткен БҰҰ гуманитарлық көмекті үйлестіру кеңсесі (OCHA) Женевадағы өкілі және үйлестіру бөлімінің директоры Рамеш Раджасингхам Украинада гуманитарлық көмекке қажеттіліктің үлкен екеніне назар аударды. Раджасингем Украинада шамамен 18 миллион адам көмекке мұқтаж екенін атап өтті, бұл қоғамның шамамен 40 пайызына сәйкес келеді.

Ел ішінде және сыртында 10 миллион адамның босқынға айналғанын айтқан Раджасингем соңғы мәліметтерге қарағанда 9 мың 900 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдірді.

Нақты сандар одан да жоғары болуы мүмкін екенін ескерткен Раджасингем «Соғыс жалғаса берсе, қоршаған орта гуманитарлық көмек ұйымдары үшін әлдеқайда қауіпті болды. Соғыс басталғалы бері 14 гуманитарлық көмек қызметкері қаза тапты» деді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша соғыс басталғаннан бері медициналық мекемелерге 1300 шабуыл жасалғанын айтқан Раджасингхэм 111 медицина қызметкері мен науқастың қаза тапқанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар