Германия Израильді Батыс Шериядағы трагедияны аяқтауға шақырды

Германия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Себастьян Фишер Израиль үкіметін шабуылшыларға шара қолдануға шақырды.

2057982
Германия Израильді Батыс Шериядағы трагедияны аяқтауға шақырды

Германия Батыс Шериядағы заңсыз еврей қоныстанушыларының палестиналықтарға жасаған зорлық-зомбылығын айыптап, Израиль үкіметін шара қолдануға шақырды.

Германия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Себастьян Фишер астана Берлинде жасаған мәлімдемесінде Израильдің Хамасқа қарсы өзін қорғау құқығын қолдайтындарын, бірақ Израильдің де ұшқары еврей қоныстанушы зорлық-зомбылығына қарсы тұруы керектігін айтты.

Фишер басып алынған Батыс Шериядағы зорлық-зомбылыққа назар аударып: «Біз қоныс аударушылардың шабуылдары мен палестиналық қауымдастықтарға жасалған зорлық-зомбылықтарын қатаң айыптаймыз» деді.

Аптаның соңында аймақта жан түршігерлік оқиғалардың болғанына назар аударған Себастьян Фишер: "Біз Израильді палестиналықтарды ұшқары қоныс аударушылардың белсенді әрекеттерінен қорғауға және жауаптыларды әділетке тапсыруға шақырамыз. Батыс Шериядағы басқыншы мемлекет ретінде Израиль ондағы Палестина халқының қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті. Палестиналық отбасылар ондаған жыл бойы өмір сүрген мекендерінде тұруы, өмірлерінен алаңдауы себепті ата-бабаларының үйлерін тастап кетуге мәжбүр болмауын қамтамасыз етуі керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар