Көптеген елдің белгілі ғимараттары түрік туының түстерімен жарықтандырылды
Республикасының 100 жылдығына орай көптеген елдің белгілі ғимараттары мен алаңдары түрік туымен безендірілді.
Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Әзербайжанның бас қаласы Бакудегі сәулеттік символдарының бірі Гайдар Әлиев орталығының сырты түрік байрағы көрінісін алды.
Ирактың бас қаласы Бағдаттағы сауда орталығы ғимаратына да үлкен түрік байрағы ілінді.
29 қазан Республика күніне орай Катардың белгілі ғимараттары да қызыл-ақ түспен жарықтандырылды. Түрік байрақтарының үстінде «Түркия Республикасының 100 жылдығы» және «Түркия Республикасының 100 жылдығы құтты болсын» деген құттықтау сөздер орын алды.
Испанияның бас қаласы Мадридтегі әйгілі Кибеле алаңы түрік туының қызыл және ақ түстерімен безендірілді.
Ресейлік ғарышкер Олег Артемьев болса Түркия Республикасының 100 жылдығының құрметіне Халықаралық ғарыш стансасында түрік туын желбіретті.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы цифрлық жарнама көліктері түрік жалауымен жабдықталды. Республиканың 100 жылдығы Түркия-Америка ұлттық басқару комитетінің басшылығымен ұйымдастырылған шарада жүк көліктері күнімен түрік туымен жүрді. "Таймс" алаңындағы жарнама платформаларына да түрік туы мен Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің фотосуреттері қойылды.
Финляндия Сыртқы істер министрлігі Түркия Республикасының 100 жылдығына орай құттықтау жариялап, министрлік ғимаратын түрік туының түстерімен жарықтандырды.
Беларусь Республикасының бас қаласы Минскіде орналасқан Ұлттық кітапхананың сырты түрік байрағының түстерімен безендірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында із-түзсіз жоғалған адам саны 10 мыңнан асты
Газа секторындағы Азаматтық Қорғаныс басқармасы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.