«Бұл енді соғыс емес, бұл тек геноцид», - деді

Лула да Силва халықаралық қауымдастыққа үн қатты.

2055997
«Бұл енді соғыс емес, бұл тек геноцид», - деді

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва халықаралық қауымдастық Таяу Шығыста жалғасып жатқан қақтығыстарды тоқтатуы керек деп мәлімдеді. «Бұл енді соғыс емес, бұл тек геноцид», - деді ол.

Ел астанасы Бразилиядағы президенттік сарайда өткен баспасөз мәслихатында Лула да Силва Израильдің Газадағы шабуылдарына тоқталып: «Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір жаққа қалдыру керек, әйтпесе кімнің бірінші шабуыл жасағанын білгім де келмейді. Дұшпандық енді аяқталуы керек» деді.

Лула да Силва "Мәселе мынада, бұл енді соғыс емес, бұл геноцид. Өйткені соғысқа қатысы жоқ 2 мыңға жуық бала қаза тапты. Мен шынымен де түсінбеймін, адам қалай шыдайтынын білмеймін” деді.

Лула да Силва халықаралық үн қатып, Израиль бомбалауынан қашатын газалықтар үшін гуманитарлық дәліздің тезірек ашылуын талап етті.

Бразилия президенті Лула да Силва қазанның 25-і күні жасаған мәлімдемесінде БҰҰ Газада болған оқиға үшін көбірек жауапкершілік алуы керек деп мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар