Галант: "Газа секторына қарсы құрлық операциясы бірнеше айға созылуы мүмкін"

Израиль Қорғаныс министрі «Әуе күштері қолбасшылығы» жиналысында мәлімдеме жасады.

2054580
Галант: "Газа секторына қарсы құрлық операциясы бірнеше айға созылуы мүмкін"

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант "Газа секторына қарсы құрлық операциясының бірнеше айға созылуы мүмкін екенін" мәлімдеді.

"Йедиот Ахрогот" газетінің хабарына қарағанда Галант Газа шекарасы маңындағы «Әуе күштері қолбасшылығы» жиналысында мәлімдеме жасады.

Мұнда Галант «Израиль армиясын тоқтататын ештеңе жоқ. «Маневрдің» операциялық аспектісі (Израиль Газа шабуылдары үшін берген аты) әуе шабуылы мен құрлық операциясынан тұрады. Газадағы құрлық операциясы ондағы соңғы әскери соғыс болуы керек, өйткені одан кейін «Хамас» болмайды. Бұл «1-2 ай немесе 3 айға созылуы мүмкін, бірақ соңында «Хамас» қалмайды» деді.

Израиль әскері «соғыстың» келесі сатысына (құрлық операциясы) дайындық мақсатымен Газа секторында израильдік күштерге қауіп төнбеуі үшін әуе шабуылдарын күшейткенін бұған дейін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар