БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстағы трагедияны тоқтатуға шақырды

Қытайдың астанасы Бейжіңге барған Гутерреш әлеуметтік желідегі парақшасында Изриаль-Палестина соғысы жайлы хабарлама бөлісті.

2052815
БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстағы трагедияны тоқтатуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш адамдардың жан түршігерлік азаптарын азайту үшін «Таяу Шығыста дереу гуманитарлық атысты тоқтатуға» шақырды.

Қытайдың астанасы Бейжіңге барған Гутерреш әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлама бөлісті.

Гутерреш бүкіл аймақтың тағдыры мен Таяу Шығыстағы адамдардың өміріне қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Бас хатшы: «Мен Таяу Шығыстағы жан түршігерлік азапты азайту үшін дереу гуманитарлық атысты тоқтатуға шақырамын» деп мәлімдемеді.

Кассам бригадалары 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын жариялаған еді.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар