Реиси шабуылдың жауаптыларының сотталуы керектігін айтты

Иран президенті Ибрахим Реиси аурухана шабуылына нарызылық білдірді.

2052717
Реиси шабуылдың жауаптыларының сотталуы керектігін айтты

Иран президенті Ибрахим Реиси Израильдің Газада 500-ден астам адамның қазасына себеп болған шабуылының жауаптыларының сотталуы керектігін айтты.

Иран ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Реиси кабинет жиналысында аурухана шабуылына нарызылық білдірді. Ол «Осы қорқынышты қылмысты тек айыптап қоя салу жеткілікті емес.  Сионист жүйенің соғыс машинасы дерек тоқтатылуы керек.  Адам өмірі мен құқығын кепілге алу үшін осы қылмыстың жауаптылары сотталуы қажет» деді.

Ол Газада гуманитарлық трагедия болмауы үшін Израиль жүргізіп отырған эмбаргоның да алынып тасталуы керектігін білдірді. Реиси әлемдегі баршаны міндетке шақырды. Ол былай деді: «Халықаралық заңдар мен келісімдер қағаз бетінде тұру үшін жазылды ма? Барша Израильдің адамдыққа қарсы қылмыс жасағанын біліп отыр.  Осы қырғынды дереу тоқтату керек.  Жауаптыларды соттау керек».



Ұқсас жаңалықтар