Құран Кәрімді өртеген адамға жаза берілді

Линкепинг соты Линкепинг қаласында Құран Кәрімді өртеген адамға айыппұл жазасын берді.

2050100
Құран Кәрімді өртеген адамға жаза берілді

2020 жылы Швецияның Линкепинг қаласында Құран Кәрімге шабуыл жасаған әсіре оңшыл адам өшпенділік қылмысы үшін сотталды.

Линкепинг соты жасаған мәлімдемеде 27 жастағы азаматтың Құран Кәрімді өртеп жатқанын бейнеге түсіріп, оған исламофобиялық музыка қосып, әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін өшпенділік қылмысын жасағаны анықталғаны және қылмысты адамға 800 крон айыппұл салынғаны білдірілді.

2020 жылдың 11 қыркүйегінде Линкепинг қаласында 27 жастағы әсіре оңшыл адам Құран Кәрімнің үстіне домұз шұжығын қойып, өртеп жібергеннен кейін Линкепинг мешітінің алдына тастаған.

Бұл шабуылды бейне көрініске түсірген әсіре оңшыл осы фильмге Сребреница қырғынын және мұсылмандарды жаппай қырғындауды дәріптейтін әндерді қосқан. Фильмді әлеуметтік желіде жариялаған әсіре оңшыл экстремистке қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар