Гутерреш Израиль-Палестина қақтығысы туралы мәлімдеме жасады

Антониу Гутерреш отын, азық-түлік және су сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың Газаға кіруіне рұқсат беру керектігін айтты.

2049823
Гутерреш Израиль-Палестина қақтығысы туралы  мәлімдеме жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш отын, азық-түлік және су сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың Газаға кіруіне рұқсат беру керектігін айтты.

Гутерреш Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Израиль-Палестина қақтығысы туралы баспасөзге мәлімдеме жасады.

Израиль мен Газадағы оқиғаларды мұқият қадағалағанын айтқан Гутерреш аймақ көшбасшыларымен тығыз байланыста екенін білдірді.

Бас хатшы Гутерреш барлық тараптарды және тараптарға ықпалы бар тараптарды шиеленістің ұлғаюы және таралуына жол бермеуге шақырып, «Газада тұтқынға алынған барлық израильдіктерді дереу босатуға шақырамын» деді.

Гутерреш бейбіт тұрғындардың қорғалуы және халықаралық гуманитарлық құқықтың сақталуы керектігін баса айтты.  



Ұқсас жаңалықтар