Израиль балалар туралы ақпаратты теріске шығарды

Израиль «Хамас балалардың басын кесіп тастады» деген мәлімдемелерді жоққа шығарды.

2049199
Израиль балалар туралы ақпаратты теріске шығарды

Израиль армиясы мәлімдемешісі Израиль баспасөзінде жарияланған және әлеуметтік желілерде «Хамас мүшелері балалардың басын кесіп тастады» деген мәлімдемелерді растайтын ақпарат жоқ екенін атап көрсетті.

Анадолы агенттігінің (AA) тілшісі Израиль армиясының баспасөз хатшысына телефон арқылы хабарласып, «Хамастың шабуылынан кейін Израильде «басы кесілген сәбилер» бар деген хабар тарады. Сіз мұны растай аласыз ба немесе бұл туралы ақпарат бере аласыз ба?» деген сұрақ қойды.

Баспасөз хатшысы: «Бұл жаңалықты біз де көрдік, бірақ олар туралы ешқандай мәлімет немесе растау жоқ» деп жауап қайтарды.

Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірі Талал Нассар болса тұтқынға алынған израильдік тұтқындар азапталды немесе өлтірілді деген айыптауларды жоққа шығарды.

Орталығы Катардағы «Al-Jazeera» телеарнасына сұхбат берген Нассар «Хамастың Израиль тұтқындарын өлтіруі немесе азаптауы мүмкін емес. Қолдары қанға боялған нағыз қылмыскерлер - фактілерді бұрмалайтын басқыншылар. Хамас күштері оларға қарсы күреседі. Хамас күштері тұтқындарға толығымен адамгершілік көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар