Хамас тұтқындар туралы мәлімдеді

Иззеддин әл-Кассам бригадасының баспасөз хатшысы Әбу Убейде мәлімдеме жасады.

2047795
Хамас тұтқындар туралы мәлімдеді

Хамас тұтқынға алынған израильдіктер санының Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ойлағаннан «бірнеше есе көп» екенін мәлімдеді.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасының баспасөз хатшысы Әбу Убейде «Әл-Ақса» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде «Әл-Ақса» мешіті мен палестиналық тұтқындарды қорғау үшін басталған «Ақса топаны» шабуылының жалғасып жатқанын айтты.

Шабуыл салдарынан Израильдің терең дағдарыспен бетпе-бет келгенін білдірген Әбу Убейде ондаған израильдіктің қолға түскенін және «израильдік тұтқын санының Нетаньяху ойлағаннан бірнеше есе көп екенін» атап көрсетті.

Әбу Убейде израильдік тұтқындардың Газа секторының әр жеріне жіберілгенін атап, Израильдің Газа халқына жасағандардың израильдік тұтқындарға да жасалатынын білдірді.

Нетаньяхудың қоқан-лоққыларына нұсқаған Әбу Убейде «Біздің алдымызда шегірткедей құлаған, қарулары мен танктерді тастап қашып кеткен жүздеген әскермен қорқытасың ба?» деді.



Ұқсас жаңалықтар