Сириядағы шабуылда 11 адам қаза тапты

Сирия армиясы мен Ресейдің Идлиб, Халеб және Хама ауылдық жерлерінде жасаған шабуылдарында 11 адам қаза тауып, 78 адам жараланды.

2047513
Сириядағы шабуылда 11 адам қаза тапты

Сирия армиясы мен Иранның қолдауындағы шетелдік лаңкестік топтар Идлиб қаласының орталығы, Иерихон ауданы, Меджделей, Мастума, Марбеллит, Серемин, Терманин және Халебтің  Дарет Иззе ауданына шабуыл жасады.

Ресей әскери ұшақтары болса,  Сисир әл-Шугур ауданы, Зиайние және Хач Хаммуд ауылына әуеден соққы берді.

Азаматтық қорғаныс офицерлерінен алынған мәліметке қарағанда, Идлиб қаласының орталығы мен ауылдық жерлеріне жасалған шабуылдарда 10 бейбіт тұрғын қаза тапты, 60 бейбіт тұрғын жараланды.

Ресей  әскери ұшақтардың шабуылынан бір баланың қаза тауып, 18 бейбіт тұрғынның жараланғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар