Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 4 мың 333-ке жетті

Ливияның шығысында 10 қыркүйекте болған сел апатында қаза тапқандар саны 4 мың 333 ретінде тіркелді.

2046524
Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 4 мың 333-ке жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ливиядағы аймақтық кеңсесіндегі жедел медициналық көмек тобына жауапты Хейл Худари онлайн брифинг өткізді.

Худари Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар санының 4 мың 333-ке жеткенін түсіндірді.

Апат аймақтарында 8500 адамның да із-түзсіз жоғалғанын білдірген Худари қаза тапқандар арасында 101 денсаулық сақтау қызметкерінің болғанына назар аударды.

Худари «Бұл Ливияның денсаулық сақтау саласы үшін үлкен шығын» деді.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте Ливияның шығысында соққан «Даниэль» дауылы Бенгази, Бейда, Мерк, Сусе және Дерна қалаларында су тасқынына себеп болған еді.



Ұқсас жаңалықтар