Украина астанасы Киевте жарылыс болды

Украина астанасы Киевте таңғы уақытта әуе шабуылынан кейін жарылыстар болды.

2040246
Украина астанасы Киевте жарылыс болды

Киев мэрі Виталий Кличко әлеуметтік желідегі парақшасында әуе қорғанысы кезекшілікте екенін және құтқару топтары қаланың шығыс және оңтүстік бөліктеріндегі ықтимал жарылыс аймақтарына қарай бет алғанын жазды.

Виталий Кличко «Зымыран қалдықтары Киевтің орталығына құлады және шығысында ғимараттар  зақымдалды. Сондай-ақ  өрт шығып, кейбір адамдар медициналық көмекке жүгінді» деді.

Лауазым иелері  Украинаның Харьков, Хмельницкий, Ровно, Львов және Ивано-Франковск облыстарында да жарылыс болғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар