Ким Чен Ын Ресейге барады

Сапар барысында Ким Путинмен кездеседі.

2035863
Ким Чен Ын Ресейге барады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге баратыны хабарланды.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің (KCNA) хабарлауынша, Ким «жақында» Ресейге барады.

Сапар барысында Ким Путинмен кездеседі, кездесудің орны мен уақыты туралы толық мәлімет айтылмады.

Екінші жағынан, Оңтүстік Кореяда орналасқан «Yonhap» ақпарат агенттігінің Оңтүстік Корея үкіметінің жоғары лауазымды қызметкеріне негізделген хабарына қарағанда, Ким Чен Ын мінген пойыз жолға шықты. Арнайы бронды пойызбен сапары шамамен 20 сағатқа созылатын Ким Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады деп болжануда.

Кимнің әкесі, оған дейін Солтүстік Кореяның басшысы болған Ким Чен Ир ұшуға деген фобиясының салдарынан 17 жыл қызметінде үнемі пойызбен саяхаттаған.

Қытай мен Ресейге пойызбен барған әке Ким  2011 жылы пойыз жолында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар