Қытай азаматтары үшін визаны алып тастады

Гарибашвили мақсаттарының Қытайдан көбірек турист тарту екенін атап өтті.

2035867
Қытай азаматтары үшін визаны алып тастады

Грузия үкіметі бүгіннен бастап осы елге баратын Қытай азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастағаны хабарланды.

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили ел астанасы Тбилисиде төрағалық еткен Министрлер кеңесі отырысында жасаған мәлімдемесінде Қытай-Грузия қарым-қатынастарына баға берді.

Шілде айында Қытайда кездесулері болғанын айтқан Гарибашвили екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң өреде дамығанын білдірді. Гарибашвили «Өздеріңіз білесіздер, менің Қытайға сапарым өте сәтті болды. Қытай бүгін әлемдегі екінші экономика, ең қуатты экономикалардың бірі және біздің басты мүдделеріміздің бірі - Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту және инвестицияны көбірек тарту» деді.

Гарибашвили мақсаттарының Қытайдан көбірек турист тарту екенін атап өтті. Сондықтан бүгіннен бастап Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізуді ұйғардық», - деді ол.



Ұқсас жаңалықтар