БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы басталды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы Деннис Фрэнсистің төрағалығымен басталды.

2033674
БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы Деннис Фрэнсистің төрағалығымен басталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 77-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Чаба Көрөси Ассамблеяның 77-ші сессияны жауып, сессия төрағалығын мұрагеріне тапсырды.

Маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының төрағасы болып сайланған Тринидад пен Тобагоның үміткері Деннис Фрэнсис өз міндеттерін «адалдық, саналылық және парасаттылықпен» орындайтынына ант ішті.

Көрөси осындағы сөзінде «БҰҰ-н бүгінгі сын-қатерлерге сәйкес шұғыл түрде реформалауымыз керек» деп шақырды.

Уақыттың өзгергенін және БҰҰ-ның да осы шеңберде өзгеруі керектігін атап көрсеткен Көрөси «Біз БҰҰ Бас Ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауымыз керек. Егер мұны жасамасақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімнен гөрі проблема тудыра бастайды» деп ескертті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Фрэнсис жаңа кезеңнің жаһандық күн тәртібінде маңызды сынақтар жүріп жатқан кезде басталғанына назар аударды.

Өзінің кезеңі үшін 4 негізгі сөзді қабылдайтынын түсіндірген Фрэнсис оларды «бейбітшілік», «өркендеу», «даму» және «тұрақтылық» деп атады.

Әлем көшбасшыларының жыл сайын Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында басын қосатын БҰҰ-ның 78-ші Бас Ассамблеясының келіссөздері 19 қыркүйек күні басталады.

19-26 қыркүйек күні өтетін БҰҰ-ның 78-ші Бас Ассамблеясында Президент Режеп Тайып Ердоған бірінші күні баяндама жасайды.

Бас Ассамблеяға 190 елден жоғары деңгейде қатысу күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар