Нигерияда террор ұймының  39 мүшесі өлтірілді

Нигерияда соңғы аптада террор ұйымы Боко Харамға қарсы операцияларда ұйымның 39 мүшесі өлтірілді.

2032087
Нигерияда террор ұймының  39 мүшесі өлтірілді

Нигерия Қорғаныс министрлігінің БАҚ операциялары директоры Эдвард Буба жасаған мәлімдемесінде әскерилердің өткен аптада Адамава және Борно штаттарында Боко Харамға қарсы операция жүргізгенін айтты.

Буба операцияда 39 террористтің залалсыздандырылғанын және көптеген ұйым мүшесінің жаралы құтылғанын білдірді.

Операциялар барысында террористтер ұрлаған 34 адамның құтқарылғанын түсіндірген Буба 159 террористтің қолға түскенін және террористтерге тиесілі маңызды мөлшердегі оқ-дәрілердің қолға түскенін баса айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар