Президенттің бас кеңесшісі АҚШ делегациясын қабылдады

Президенттің бас кеңесшісі, елші Акиф Чағатай Кылыч әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

2030807
Президенттің бас кеңесшісі АҚШ делегациясын қабылдады

Президенттің бас кеңесшісі, елші Акиф Чағатай Кылыч АҚШ делегациясымен бас қала Анкарада бас қосты.

Акиф Чагатай Кылыч әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Президенттік сарайда АҚШ Президентінің жаһандық инфрақұрылым және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі арнайы үйлестірушісі Амос Дж. Хокштейн, Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркиядағы елшісі Джефф Флейк басшылық жасаған делегациямен кездескенін хабарлады.

Кылыч өзара қарым-қатынастар және аймақтық мәселелермен қатар энергетика және инфрақұрылым мәселелерін де талқылағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар