Испанияның Тенерифе аралынан 26 мың адам эвакуацияланды

Канар аралдарының бірі Тенерифеде орман өрті жалғасуда.

2026799
Испанияның Тенерифе аралынан 26 мың адам эвакуацияланды

Испанияның Канар аралдарының бірі Тенерифеде жалғасқан орман өрті салдарынан 26 мың адам эвакуацияланды.

Тенерифе аралындағы өртті сөндіру және қауіп төнгендерді эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Канар аралдары Мәжіліс мүшесі Канделария Делгадо жергілікті «RTVC» телеарнасына Тенерифедегі өртке байланысты 26 мың адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

Лауазымдылар 15 тамыз күнінен бері Канар аралындағы ең үлкен табиғи саябақты қоса алғанда, 5 мың гектар жердің өртенгенін атап көрсетті.

Өрт аралдың солтүстігіндегі қалаларға су әкелетін арнаға да үлкен зақым келтіргендіктен, кейбір аудандарда су жеткізілімі үзіліп, адамдар «суды үнемдеуге» шақырылды.

Алдыңғы мәлімдемеде өртті сөндіруге 200-ден астам қызметкер мен 13 ұшақ және тікұшақ жұмылдырылғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар