Мың тұтқын аштық ереуілін бастады
Палестиналық тұтқындар баспасөз кеңсесінің басшысы Ахмед әл-Кудра мәлімдеме жасады.
Израиль түрмелеріндегі палестиналық мың тұтқынның аштық ереуілін бастағаны хабарланды.
Палестиналық тұтқындар баспасөз кеңсесінің басшысы Ахмед әл-Кудра мәлімдеме жасады. Ол Израильдегі барлық түрмелердегі палестиналық мың тұтқынның «түрме басшылығының шабуылаушы ұстанымына қарсы» жергілікті уақытпен сағат 19-дан бастап мерзімсіз аштық ереуілін бастағанын білдірді. Палестиналықтардың оларға қолдау мақсатымен «көшеге шығуы керектігін» айтты.
Әл-Кудра басқыншылық астындағы Батыс Шерияда өмір сүретін палестиналықтардан түрмедегі тұтқындарға қарсы «жабайы» шабуылдаушылыққа наразылық білдіру үшін бүгін шеруге шығуын сұрады.
Израильдің оңтүстігіндегі Негев түрмесі басшылығы түрмедегі 3-ші және 4-ші бөлімдерге басқын жасап, сол жердегі барлық тұтқынды басқа бір жерген көшірген болатын.
Палестина тұтқындар қоғамының деректеріне қарағанда Израиль түрмелерінде 5 мың шақты палестиналық тұтқын бар.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Испанияның палестиналықтарға қызметіне рұқсат етпейді
Израиль Сыртқы істер министрі Йизраэль Катц мәлімдеме жасады.