Израиль күштері бір палестиналықты өлтірді
Израиль күштері көптеген әскери көлік және бульдозермен Дженин қаласына шабуыл жасаған.
Израиль күштері басып алынған Батыс Шериядағы Дженин қаласына жасаған шабуылында бір палестиналықты өлтірді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Дженин қаласына жасалған шабуылда басынан, кеудесінен және асқазанынан жараланған 32 жастағы Мұстафа әл-Кестуни өмірден өтті» делінді.
Куәгерлердің айтуынша, Израиль күштері көптеген әскери көлік және бульдозермен Дженин қаласына шабуыл жасаған.
Куәгерлер Израиль күштерінің Дженин орталығындағы наубайхананы жарып жібергенін, 2 палестиналықтың да ұсталғанын айтты.
Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде 1 палестиналықтың қаза тапқаны және 2 палестиналықтың ұсталғаны расталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.