НАТО мәлімдемесіне Украина нарызылық көрсетті

Украина территориясын беріп, НАТО-ға қосылу пікірінің қабылданбайтынын білдірді.

2025425
НАТО мәлімдемесіне Украина нарызылық көрсетті

НАТО Бас хатшысының жеке кеңсесінің меңгерушісі Стиан Йенссен Норвегияда бір жиналысқа қатысып, маңызды мәлімдеме жасады.

Ол Украина-Ресей соғысына баға беріп,  Украина территориясының бір бөлімін Ресейге берсе, НАТО-ға мүше бола алатынын айтты.

НАТО лауазым иесінің бұл сөздеріне Украинадан наразылық келді. Украина территориясын беріп, НАТО-ға қосылу пікірінің қабылданбайтынын білдірді.

Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк НАТО-ның Ресейге жер берудің орнына Украинаға қару жеткізуді тездету тақырыбын талқылауы керектігін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар