Гавайидегі орман өрттерінде 106 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың куәліктерін анықтау жұмыстарының ұзаққа созылатынын білдірді.

2025182
Гавайидегі орман өрттерінде 106 адам қаза тапты

АҚШ-тың Гавайи штатындағы орман өртінде қаза тапқандар саны 106-ға жетті.

Мауи аймақтық әкімшілігі қызметкерлері өрттен зардап шеккен аймақтың 32 пайызында іздестіру жұмыстарының аяқталғанын айтып, қаза тапқандар туралы мәліметтерді жұртшылықпен бөлісті.

Лауазымдылар Үлкен арал мен Мауи аралында жалғасқан және тарихи Лахайна қаласын қиратқан орман өрттері салдарынан қаза тапқандар санының 106-ға жеткенін атап Мауиде куәліктерді анықтау жұмыстарын бастағандарын жариялады.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі қызметкері Джонатан Грин көптеген адамның өліміне байланысты анықтаудың ұзаққа созылатынын және бұл тұрғыда шыдамдылық қажет екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар