Иранда лаңкестік

Шабуылда 4 адам қаза тапты.  8 адам жарақат алды.

2024057
Иранда лаңкестік

Иранның Шираз қаласындағы Шах Черах мазарына қарулы шабуыл жасалды.  Шабуылда 4 адам қаза тапты.  8 адам жарақат алды.

Парсы уәлаяты әкімдігі мәлімдеме жасап,  кеше кешке екі қарулы кісінің мазардағы бейбіт азаматтарға оқ жаудырғанын, бірінің ұсталғанын,  екіншісінің қашып кеткенін хабарлады.

Шабуылдан кейін мазардың айналасында сақтық шаралары қабылданды.

26 қазан күні де осы мазарға үш террорист шабуыл жасаған еді.  Ол кезде 13 адам қаза тапқан болатын.

ДАИШ террорлық ұйымы жазбаша хабарлама жариялап, лаңкестікті өз мойнына алған еді.

Шабуылдаушылардың екеуі 8 шілде күні дарға асылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар